Бас бет Жаңалықтар СОТ МАМАНДАРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

СОТ МАМАНДАРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

18 қаралды
0

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Р.Майриховтың және сот мамандарының қатысуымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі қатысушыларды жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы хабардар етті, уақытылы жауап беру үшін барлық шараларды қабылдау қажеттігін ескертті.


Өз кезегінде, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Майрихов арыз, шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау тәртібін, сонымен бірге статистикалық есептердің қалыптасуын түсіндіріп, өтініштерді заңда көрсетілген мерзімде жауап беру керектігін, мемлекеттік органның жұмысында бұл мәселе басты орында екенін ескертіп өтті.
Кеңсе меңгерушісі сондай-ақ, өтініштердің сапалы әрі жан-жақты қаралуы үшін өтініш беруші тұлғаның туындаған мәселелер жан-жақты қаралуына мүмкіндік туғызуы және заң нормаларын сақтауы қажеттігін атап көрсетті.
Қатысушылар өтініштердің қаралу сапасына бақылауды күшейту және осы бағытта заң нормаларының сақталуы қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан өтініштермен жұмыс жасау барысында жиі орын алатын қателіктерді, оларға жол берілу себептерін, қызметтің сапасын көтеру бойынша ұсыныстарды талқылады.
Семинар соңында қатысушылар тақырып аясында өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.

Дереккөз: Алматы қаласы Алатау аудандық соты.

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.