Бас бет Жаңалықтар ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРА

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРА

30 қаралды
0

Алматы әкімдігінде Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы» ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерін басын қосып дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (АТЖ) жылдық кезеңін аяқтады. Дінтанушылар мен теологтар, философтар мен саясаттанушылар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері 2019 жылғы атқарылған жұмыстың қорытындысын жасады. Іс-шара барысында топ мүшелері дін саласындағы мемлекет саясатын ақпараттандыру мен түсіндірудің ең өзекті мәселелерін талқылап өтті. Мониторинг және талдау орталығының қызметкерлері топ мүшелерінің тілектерін тыңдап келесі жылғы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарларымен бөлісті.
Іс-шара соңында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Есдәулетов Диас Рахметұлы топ мүшелеріне алғыс білдіріп, үздік шыққандарға бағалы сыйлықтар табыстады.

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.