Бас бет Байқау ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ: «ӘР БАЛА МЕКТЕПКЕ ЛАЙЫҚ»

ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ: «ӘР БАЛА МЕКТЕПКЕ ЛАЙЫҚ»

213 қаралды
0

«Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен АҚ өкілдері, медиа-мамандар мен әуесқойлар арасында»Әр бала мектепке лайық»тақырыбында инклюзивті білім беруді жарықтандыру бойынша үздік материалдарға байқау Байқау 2016 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Өтінімдер 2019 жылдың 5 қазанына дейін қабылданады.

Инклюзивті қоғамды қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында а.ж. 2 сәуірінде 1 000 000 теңге жүлде қоры бар «Әр бала мектепке лайық» тақырыбында байқау басталды.
Жүлде қоры 1 000 000 (бір миллион) теңге:
– Үздік телевизиялық жұмыс-250 000 (екі жүз елу мың) теңге.
– Үздік баспа жарияланымы – 150 000 (жүз елу мың) теңге.
– Үздік фото жұмыс – 150 000 (жүз елу мың) теңге.
– Үздік интернет-жарияланым-150 000 (жүз елу мың) теңге.
– Үздік әлеуметтік бейнебаян -300 000 (үш жүз мың) теңге.

Өтінімдер pr@bolashak.kz электрондық мекенжай бойынша қабылданады, хаттың тақырыбында БАЙҚАУ деген белгіні көрсету қажет, пошта және / немесе 010000, Астана қ., Д. Қонаев көш., 12/1, 412 кеңсе, тел. 8 7172 500 618 мекенжайы бойынша қабылданады.
Байқаудың ережесі мен өтінімнің техникалық ерекшелігі қосымшада.

Толық ақпарат www.bolashakcharity.kz сайтында.

«Болашақ» корпоративтік қоры Қазақстанның 9 қаласында инклюзивті қолдау көрсететін 20 кабинетті ашты. Аутизм және басқа да ментальды бұзылыстары бар 248 бала күн сайын өз құрдастарымен мектепке баруға мүмкіндік алды.

«Әр бала мектепке лайықты» атты
БАҚ өкілдері, медиа мамандары және әуесқойлар арасындағы инклюзивті білім беру туралы ең үздік материалдарға жарияланған конкурстың
ЕРЕЖЕСІ

Конкурстың мақсаты:
– Инклюзивті қоғамды және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыру;

Конкурстың міндеті:
– аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған балаларға қоғамның төзімді қарым-қатынасын қалыптастыру;
– халықты инклюзивті білім берудің міндеттері мен басымдықтары туралы хабардар ету;
– аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған балалармен жұмыстың нәтижелі тәжірибесін және әлеуметтік бейімделу практикасын жариялау;
– қазақстандық сапалы, инклюзивті, тең құқылы білім берудің барлық: мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары және техникалық білім беру деңгейлері туралы ақпарат тарату.

Ұйымдастырушы:
«Болашақ» корпоративтік қоры.

Жүлде қоры 1 000 000 (бір миллион) теңге:
– Ең үздік телевизиялық жұмыс – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.
– Баспасөз бетіндегі ең үздік мақала – 150 000 (жүз елу мың) теңге.
– Ең үздік фотожұмыс – 150 000 (жүз елу мың) теңге.
– Ең үздік интернет жарияланым – 150 000 (жүз елу мың) теңге.
– Ең үздік әлеуметтік ролик – 300 000 (үш жүз мың) теңге.
Конкурс шарттары:
– Қатысушы бір номинация бойынша Конкурстық жұмысты 2019 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей жіберуге міндетті;
– барлық номинациялар бойынша конкурстық материалдар ағымдағы жылдың 2 сәуірден бастап 5 қазанға дейін жасалған болуы тиіс;
– жұмыстар техникалық сипаттамаға сәйкес келуі және Қатысушының ақпараттық ресурстарында (телеарна, ақпараттық порталдар, мерзімді баспасөз, ресми сайттар, әлеуметтік желілер және т.б.) орналастырылуы тиіс;
– «Ең үздік фотожұмыс», «Ең үздік интернет жарияланым» және «Ең үздік әлеуметтік ролик» номинацияларындағы жұмыстар конкурстың «Әр бала мектепке лайықты» атты ресми атауымен және #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты #EveryChildWantsToBeIncluded #Bolashakcharity #Аутизм #WCB2018 хештегтерімен белгіленуі тиіс;
– өтінім толтырылған форманы және материалдарды жолдаған күннен бастап қабылданған деп есептеледі;
– Конкурсқа жекелеген жеке тұлғалармен қатар Авторлық топтардың да қатысуға құқығы бар. Авторлық топ бір Конкурсқа қатысушы ретінде қарастырылады;
– Конкурсты өткізу мерзімі ұзартылған жағдайда, Ұйымдастырушы қосымша ақпаратты «Болашақ» КҚ-ның www.bolashakcharity.kz атты ресми сайтында жариялайды;
– Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Конкурсқа қатысушының осы Ереженің талаптарымен және шарттарымен келісімін білдіреді;
– 2019 жылғы 5 қазаннан кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды;
– Конкурстың шарттарымен және техникалық сипаттамаларымен сәйкес келмеген жағдайда Өтінім қарастырылмайды;
– өтінімдер рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

Конкурс кезеңдері:
I-кезең – Конкурсқа арналған өтінімдерді (материалдарды) техникалық сипаттамаға сәйкес іріктеу – 2019 ж. 2 сәуір – 5 қазан;
ІІ-кезең – Қазылар алқасының материалдарды қарауы – 2019 ж. 7 – 11 қазан;
ІІІ-кезең – Жеңімпаздардың тізімін қалыптастыру – 2019 ж. 14 қазан;
ІV-кезең – Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау – 2019 ж. 28 қазан.

Техникалық сипаттама:

1 Ең үздік телевизиялық жұмыс ҚР жетекші республикалық және өңірлік телеарналарында шығарылған, хронометражы 5 минуттан кем болмайтын телевизиялық жанр жұмыстары, (репортаждар, ток-шоу, деректі кино) қабылданады
2 Баспасөз бетіндегіең үздік мақала ҚР БАҚ –да жарияланған, көлемі 1500 символдан кем емес мақалалар қабылданады
3 Ең үздік
фотожұмыс JPЕG, PNG, PDF пішімдеріндегі, кеңеюі 1124*768 пиксельден кем болмайтын фотосуреттер қабылданады
4 Ең үздік интернет жарияланым Меншікті интернет-платформаларда, әлеуметтік желілерде #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты
#EveryChildWantsToBeIncluded#Bolashakcharity
#Аутизм #WCB2018 хештегтерімен орналастырылған көлемі 1 000 символдан кем емес посттар қабылданады
5 Ең үздік әлеуметтік ролик Телеарналарда, меншікті интернет-платформаларында, әлеуметтік желілерде #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты
#EveryChildWantsToBeIncluded#Bolashakcharity#Аутизм
#WCB2018 хештегтерімен орналастырылған, Mp4, AVI, MPEG-TS, HDRip пішіміндегі роликтер (2-3 минуттық хронометраж) қабылданады

Материалдарды бағалау критерийлері:
– материалдардың жаңалығы және бірегейлігі (идеяның креативтілігі);
– материалдардың әлеуметтік маңыздылығы;
– мақсатты аудитория, атаулылығы;
– көркемдік тәсілі.
Конкурстың Қазылар алқасы:
– Конкурсты ұйымдастырушы және серіктестері өкілдерінен;
– «Әр бала мектепке лайықты» жобасы Сарапшы кеңесінің мүшелерінен;
– Беделді БАҚ өкілдері және қоғам қайраткерлерінен қалыптастырылады.
Өтінім мен материалдар «Болашақ» корпоративтік қорының pr@bolashak.kz электронды адресі арқылы, хаттың тақырыбын: БАЙҚАУ, – деп жазу қажет,
почтаға және/немесе мекенжай арқылы қабылданады:
010000, Астана қ., Д. Қонаев көшесі, 12/1 , 412 офис, тел. 8 (7172) 500 618.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.