Бас бет "Түркітілдес журналистер қоры" ҚҚ ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАНДАСТАР ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАНДАСТАР ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ТАЛҚЫЛАНДЫ

31 қаралды
0

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының 5-ші құрылтайында шетелдегі қазақтарды қолдауды құжаттамалық қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмаларды белгіледі. Осы ретте «Отандастар қоры» КЕАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірігіп шетелдегі қазақтарды қолдау және ерікті қоныс аудару мәселелерін реттеуге бағытталған Заң жобасы дайындалып жатыр.
Аталған заң жобасы және елге оралған ағайындарға көрсетілетін қызметтер жөнінде сұрақтар «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан тұрақты жұмыс істейтін кеңесші алқа ретінде құрылған Қоғамдық Комиссияның кезекті отырысында талқыланды.
Қоғамдық Комиссияның күн тәртібі:
1. Елге оралған қандастардың мәселелерін реттейтің қазақстандық заңнама жүйесі және шетелдегі қазақтарды мемлекеттік қолдау туралы заң жобасының барысы.
2. ҚР ІІМ Көші – қон қызметі тарапынан репатрианттарға қызмет көрсетуді оңтайландыру және автоматтандандыру шаралары.
«Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның вице – президенті М. Сарбасов, – «Заң жобасын қабылдаудың мақсаты шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеудің қажетті құқықтық негізін құру болып табылады.
Заң жобасының басты жаңашылдығы – ұсынылып отырған Қазақ картасы этникалық қазақтарды, сонымен қатар шет мемлекеттерінде тұрып жатқан бұрынғы отандастарымызды қолдауға бағытталған маңызды құжат болып табылады.
Қазақ картасын ұсынудың мақсаты – мәдени мұра мен тілдің, тарихтың, салт-дәстүрлердің, сондай-ақ Қазақстан халқының туыстық, этникалық және тілдік құндылықтарының ортақтығын қолдау.
Осы ретте, Қазақ картасы тарихи және этникалық Отаны шетелдегі қазақтардың қоныс аударуына септігін тигізеді. Қазақстанмен жан-жақты байланыстарын жандандыруға жаңа сапалық денгейге шығарады және шет елдегі отандастарымыздың тарапынан инновациялар мен инвестицияларды Қазақстанға тарту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде.
Сондай-ақ, талқыланған Заң жобасының тұжырымдамасы мен заң жобасы толығымен мемлекеттік тілде әзірленді», – деп атап өтті.

Анықтама ретінде:
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан тұрақты жұмыс істейтін кеңесші алқа ретінде Қоғамдық Комиссия құрылып, қызмет атқаруда.
Комиссия құрамында мемлекеттік және қоғам қайраткерлері – Қуандық Тұрганқұлов, Оралбай Әбдікәрімов, Айдос Сарым, Түркітану және Алтай ғылыми-зерттеу орталығының директоры – Сартқожа Қаржаубай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамыраев, Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы Серік Ақылбай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, сондай ақ ғалымдар, саясаттанушылар, сарапшылар.
Қоғамдық Комиссияның төрағасы – ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы.
Комиссияның негізгі міндеті – шетелдегі қазақтарды қолдау және репатриацияны процестерін реттеу барысында мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін талқылау, заңнамаларды жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу, қабылданатын шешімдер бойынша жұртшылық мүддесін білдіру, пікірін ескеру.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.