Бас бет Таңдаулы СҰЛТАНАХМЕТ МЕШІТІ

СҰЛТАНАХМЕТ МЕШІТІ

303 қаралды
6

Сұлтанахмет мешіті Стамбұлдың ғана емес, күллі Түркияның символы іспетті. Сыртынан қарасаң, көркіне көз тоятын мешіттің ғұмыры да ұзақ.

мешітМəрмəр теңізінің жағасында, Стамбұлдың тарихи орталығына орналасқан Сұлтанахмет мешіті 1609-1616 жылдары аралығында салынған. Архитектурасы классикалық османдық жəне византиялық стильдегі мешіттің 6 мұнарасы бар.

Султанахмет-мечетьАлыстан осылайша мен мұндалайтын алты мұнарасыз бүгінде Сұлтанахмет мешітін көзге елестету қиын.

?????????????????????????????????????????????????????????

Мешіттің ауласындағы орындықтар туристер мен жергілікті халықтың сүйікті орнына айналған. Дәл осы жерден екіқабатты автобустар Босфор турына шақырады. Сондай-ақ, мешітке жақын маңда АйяСофия мен Йере батан сарынджы, яғни, жер асты цистернасы бар. Мыңжылдықтарды артқа тастаған тарихи мекендерге туристердің қызығушылығы шексіз.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Аңызға сенсек, алғашқыда сұлтан 4 алтын мұнара орнатуды бұйырған. Бірақ архитектор шатасып, 6 алтын мұнара көтеріпті. Тас пен мəрмəрдан қаланған ғимаратта 20 мыңнан астам қолдан жасалған ақ жəне көгілдір түсті керамикалық плиталар қолданғандықтан, «Көгілдір мешіт» атанған. Плиталарға қызғалдақтың 50-ден астам түрі суреттеліпті. Ғимараттағы 260 терезеден түскен Күн сəулесі мешіттің ішін самаладай жарық етеді.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Ал ішіндегі оюы көздің жауын алады. Ғасырлар бойы сыны мен сырын бермеген қабырғаларда сан мәдениеттің ізі жатыр.

OLYMPUS DIGITAL CAMERAЕң бастысы Стамбұлға аяқ басқан әрбір турист Сұлтанахмет алаңын төңіректейді де жүреді. 🙂

мешіт мен

6 Пікір

  1. «Аңызға сенсек, алғашқыда сұлтан 4 алтын мұнара орнатуды бұйырған. Бірақ архитектор шатасып, 6 алтын мұнара көтеріпті.» қате, сәулетші қателессе басын сол мезетте кеңірдегімен бірге жұлып алар еді ғой

  2. ол былай болған, түркі тілінде алты және алтын деген ұқсас сөздер, ол заманда Сұлтан Сүлейменнің немересі басқарып отырған заман еді, ішкіш әкесі империяны құрдымға түсіріп о дүниеге рөмкесін құшақтап кеткен-мыс, Сұлтан Ахмет не істемек, Алла алдында күнәсін жуып-шаю үшін алтын жалатылған мешіт салдыруға кіріседі, бұл мешіт алғашында алтыннан жасалғантын, алайда барлық алтын бітіп, сәулетші ақыл айла тауып, алтын мешіттің орнына алты мұнаралы мешіт салады, мұсылманда алты мұнаралы мешіт тек Меккеде ғана бартын, сосын ол жаққа жетінші мұнара орнатқан… жалғасы бар…

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.