Бас бет Біз туралы

Біз туралы

«Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Мақсаты – Қазақстандағы және Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты түркі мемлекеттеріндегі және Жер шарындағы түркітілдес ұлтардан шыққан журналистермен серіктестік орнату, ынтымақтастықты арттыру, тығыз қарым-қатынаста болу. Сонымен қатар журналистердің кәсіби білігін арттыруды да мақсат етеді. Соңғы кездері бірнеше рет қазақ журналистеріне арналған семинар-тренинг, шеберлік сабақтарын өткізді. Тақырып: жаңа медиа, дата журналистика, ақпараттық технологияны шебер пайдалану, журналистика жанрларын жетік меңгеру.

«Түркітілдес журналистер» қорының жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Жас журналистер клубы құрылған. Аталған клубтардың міндеті мен мақсаты Қордың ұстанған қағидаларымен ұштасады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ бүгінде шетелдік әріптестерімен де тығыз байланыс орнатуға талпынады. Жуырда Түркияның Стамбұл, Бұрса және Инегөл қалаларында арнайы іссапарда болып, Стамбұлдағы «Стамбұл хабар агенттігі», «Дениз хабар агенттігі» басшылығымен, Бұрса қаласындағы Анадолы Спорт журналистер ассоцияциясында қонақта болып, әріптестік байланыс орнатып қайтты. Қор мүшелері келешекте Түркия мен басқа да елдерде тәжірибе алмасу, шет елдерде үйренгенін Қазақстандағы басқа журналистерге үйретуді көздейді. Қазіргі таңда «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-на Қазақстанның Алматы, Астана қалалары мен бірге Алматы облысы, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында жұмыс істеп жүрген журналистер мүшелікке өткен. Құрылғалы аз уақыт болғандықтан, Қордың күннен күнге мүшелері көбейіп келеді.