Бас бет Жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС – ҚОҒАМДЫҚ КҮШ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС – ҚОҒАМДЫҚ КҮШ

81 қаралды
0

Қазақ қоғамында қызу пікірталас тудырған басты мәселелердің бірі – Қоғамдық кеңестің құрылуы. Біз Қоғамдық кеңес жөнінде не білеміз?

Соңғы үш жылда жиі айтылатын сөз тіркестерінің бірі «Қоғамдық кеңес» дегеніміз не өзі? Мақсат, міндеті қандай? Оған кімдер мүше бола алады? Кімге бағынады? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрелік.
Негізінде, қоғамдық кеңес – қоғамдық бастамамен, дербес жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады. Қоғамдық кеңестер – коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін атқарушы органдар, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар.
Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге, орталық атқару органдарының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысына араласуға, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқылы. Қоғамдық кеңеске он сегіз жасқа толған, Қазақстанның кез келген азаматы мүше бола алады.
2016 жылы 26 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясынды былай деді: «Олардың жанында үкіметтік емес ұйымдармен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері белсене қатысатын қоғамдық кеңестер құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сыбайлас жемқорлық пен шенеуніктердің ысырапшылдығына қарсы ең сенімді тосқауыл – азаматтық бақылау. Біз бұл бағыттан таймаймыз. Бірақ бұл да азаматтық қоғам үшін маңызды сәт. Оның қоғамдық кеңестер жұмысына қатысуы бастамашылдық, кемелдік және азаматтар алдындағы жауапкершілік қағидаттарына негізделуі тиіс».
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз етудің жаңа нысаны ретінде республикада 231 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді.
Заңнамаға сәйкес, кеңестер мемлекеттік бақылаудың мынадай 4 түрін жүзеге асырады: қоғамдық бақылау, қоғамдық тыңдаулар, қоғамдық сараптама және мемлекеттік органдардың жұмысының қорытындылары туралы есептерді тыңдау.
2017-2018 жылдары аралығында өз өкілеттіктерін жүзеге асыру аясында қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы 12 мыңға жуық нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарады. Су проблемалары, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және т.б. бойынша 1069-дан астам қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды.
Әртүрлі деңгейдегі 213 әкім мен орталық және 1300-ден астам жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан 16 жетекшінің есептері тыңдалды.
Кеңестер қоғамдық көлік жұмысы, су құбырларының жай-күйі, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу жұмыстары, ПИК (пәтер иелері кооперативтері) қызметі және негізгі қажетті тауарлардың бағаларын бақылау сияқты мәселелерде қоғамдық бақылауды енгізді. Қоғамдық мониторинг шеңберінде қоғамдық маңызды іс-шараларға, оның ішінде қоғамдық көлік жұмыстарына, дәрілік заттар мен қажетті тауарларға, тұрғын үй құрылысына, ПИК-тің қызметі туралы 500-ден астам зерттеу жүргізілді.
Қоғамдық кеңестердің тиімділігін көтеру және олардың рөлін арттыру мақсатында, диалогтік платформа – қоғамдық кеңестер Мәжілісі құрылды. Кеңес мүшелерінің әлеуетін арттыру негізінде жүйелі түрде конференциялар, семинарлар мен кеңестер өткізіледі. Қоғамдық кеңес қызметінің нәтижелері тұрақты негізде барлық мемлекеттік органдардың веб-сайттарында «Мемлекеттік кеңес» бөлімінде жарияланады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүйелі түрде қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері аясында нормативтік базаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Кеңестердің құрылуының ашықтығын арттыру мәселелері әзірленіп, олардың шешімдеріне мониторинг жүргізу механизмдері күшейтілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 516 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестің Типтік ережесі («Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 «Қоғамдық кеңестің типтік ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы») Кеңестің құрылу тәртібі соның ішінде Кеңестің құрылуы жөніндегі жұмыс тобын құру Кеңестің қызметін ұйымдастыру кезінде бақылаушылар институтын енгізу, сондай-ақ Кеңес Төрағасы мен хатшысының өкілеттігі және т.б. толықтырылды.
Ұйымдастырушылық тиімділігін, демократиялылықты, жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз ететін қоғамдық кеңестердің оңтайлы үлгісін қалыптастыру мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестердің қызметі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасында қоғамдық кеңестер мүшелерінің өкілеттіктерін қалыптастыру және тоқтату механизмдерін жетілдіруге, қоғамдық кеңестер мен олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін толықтыруға, сондай-ақ кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған нормаларды қарастырылады.
Мақаланы ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы ретінде» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі әзірледі.

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.