Бас бет Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЕМИНАРЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЕМИНАРЫ

4 қаралды
0

Алматыға мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін – олардың білімі мен білігін, пайымдау және көшбасшылық қабілеттерін арттыру мәселелерін талқылауға оннан астам мемлекет өкілдері жиналды. Қарашаның 27 мен 29 аралығында мемлекеттік басқару оқу орындары мен институттарын 2030 дейінгі тұрақты даму бойынша БҰҰ Күн тәртібі бағытында нығайту жөнінде семинар өтті.
Қатысушыларға Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов, БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш, БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаментінің мемлекеттік басқару мәселелері бойынша аға қызметкері Гарегин Манукян, Алматыдағы Сыртқы істер министрлігі өкілдігі басшысы Ерлан Ысқақов, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы вице-ректоры Айгүл Көшербаева жылы лебіздерін білдірді.
Байменов мырза тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін сапалы мемлекеттік басқарудың маңызына тоқталды. «Мемлекеттік басқару сапасы, өз кезегінде, көбіне білім беру мекемелері мен мемлекеттік басқару инститтары айналысатын кадрлер дайындау сапасымен анықталады. Бұл аспектілер қазіргідей VUCA әлемде әрбір елдің даму басымдылықтарына жету жолында өзекті бола түсуде», – деді спикер.
БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш мемлекеттік қызметті дамыту мақсатында көптеген елдердің үкіметтеріне озық, заманауи тәсілдермен танысуға, тиімді оқыту бағдарламасын даярлауда қолдау көрсететіндерін жеткізді. «БҰҰ даму Бағдарламасы Қазақстанда мемлекеттік қызмет реформасына, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыруға қолдау көрсетуде. Мемлекеттік құрылымдарға Астана мемлекеттік қызмет хабымен бірге жаңа, белсенді, инновациялық механизмдер қолдануда қолғабыс жасаймыз. Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік қызмет агенттігіне мемлекеттік қызметкерлердің бірыңғай құзыреттер шеңберін және еңбекақы жүйесін әзірлеуде қолдау көрсетеміз. Астана хабы өз миссиясын жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыру мәселесіне үнемі, жүйелі түрде көңіл бөлетіндігі қуантады», – деді Қазақстандағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілі.
Бұл жиынның ортақ мақсаты – тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды қолдауда мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыру, мемлекеттік басқару институттары дамуы жайлы ақпарат алмасу.
Семинарға қатысушылар мемлекеттік басқару оқу орындарының өзекті мәселелерін, олардың траснформациялануы жолы мен инновациялық көшбасшылығы жайынды ой бөлісті. Ал мемлекеттік басқару саласындағы озық тәжірибемен Нидерланды, АҚШ, БАӘ және басқа елдерден келген сарапшылар пікір алмасты.
Шара барысында алты елден – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Ауғанстаннан – тұрақты даму мақсаттары бойынша үйлестірушілер, уәкілетті орган өкілдері мен мемлекеттік басқару бойынша сарапшылар мемлекеттік институттарды дамыту мен құрылымдық өзгерістер жасау жолдары, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін қарастырды. Бұл алаң жан-жақты пікіралмасу, инновациялық идеяларды жеткізу және жаңа әріптестікке жол ашады.
Семинар барысында қонақтар халыққа қызмет көрсету Орталығы жұмысымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының презентациясымен танысады.
Семинарды Астана мемлекеттік қызмет хабы БҰҰ Экономика және әлеуметтік мәселелер бойынша департаменті, БҰҰ Даму Бағдарламасы ұйымдастырып, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қолдауымен өтуде.
Анықтама үшін: БҰҰ саммитінде (25-27 қыркүйек 2015 ж.) БҰҰ мүше мемлекеттер 2030 дейінгі тұрақты даму бойынша БҰҰ Күн тәртібін қабылдаған. Бұл құжаттың мақсаты – әділетті, құқыққа негізделген тең құқықты және инклюзивті әлемді қалыптастыру. Тұрақты даму мақсаттарын орындау міндеттерін алған ел ретінде барлық бағытта белсенді жұмыс істеуде және ғаламдық мақсаттарға жету бойынша өз үлесін қосуда. Биыл 16 шілдеде БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ тұғырнамасы – жоғары саяси форумда Қазақстан өзінің тұрақты даму саласындағы Күн тәртібінің жүзеге асуы бойынша Ерікті Ұлттық шолуын жасады.

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.