Бас бет Жаңалықтар «Halyk Finance» – «Cbonds Awards CIS» сыйлығының иегері

«Halyk Finance» – «Cbonds Awards CIS» сыйлығының иегері

18 қаралды
0

Беделді «Cbonds Awards CIS» сыйлығының лауреаттарын марапаттау Батуми қаласында (Грузия) Cbonds ақпараттық агенттігі (Санкт-Петербург қ.) өткізетін ТМД, Балтық және Кавказ өңірі елдерінің XVI облигациялық конгресі аясында өтті.

ТМД нарығы бойынша сарапшылардың дауыс беру нәтижелері және Cbonds редакциялық ұжымының шешімі бойынша «Halyk Finance» АҚ бірден екі бірдей беделді номинацияда – «Қазақстанның 2019 жылғы үздік инвестициялық банкі» және «Қазақстанның 2019 жылғы облигациялар нарығы бойынша үздік аналитика» бойынша жеңіске жетті.
«Halyk Finance» АҚ талдаушыларының қорытындылары нарықта сұранысқа ие және Қазақстанда және шет елдерде сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында абыройлы дереккөзге жатады.
«2018 жыл Halyk Finance үшін табысты жыл болды және бәсекелес инвестициялық банктік қызметтер нарығында компания ұзақ мерзімді көшбасшылық ұстанымын едәуір нығайытты. Бұл үлкен еңбектің нәтижесін тәуелсіз сарапшылар лайықты атап өтті. Осылайша, соңғы бірнеше айда Halyk Finance бірнеше беделді басылымдар мен агенттіктердің – Global Finance, EMEA Finance, Global Business Outlook, FinanceAsia және енді Cbonds нұсқалары бойынша Қазақстандағы ең үздік инвестициялық банк болып танылды. Біз Қазақстанда 6 рет табысталған марапатау уақыт аралығында бұл номинация бойынша 3-ші жыл қатарынан және 5-ші рет рекордты жеңіске жеттік. Сонымен қатар, 2018 жылғы қорытынды бойынша Halyk Finance қазақстандық корпоративтік Еурооблигацияларды орналастыру бойынша қазақстандық андеррайтерлердің рэнкингін басқарды. Осының бәрі біздің жоғары білікті командамыздың еңбегі ғана емес, сонымен қатар көптеген жылдар бойы Halyk Finance-қа корпоративтік клиенттеріміздің сенімінің нәтижесі болып табылады», – деп түсіндірді Halyk Finance Басқармасының Төрағасы Талғат Аюпов.

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.