Бас бет Жаңалықтар HALYK БАНКІ АРЫСТА ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

HALYK БАНКІ АРЫСТА ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

55 қаралды
0

2019 жылғы 1 шілде, Арыс қ., Түркістан облысы – Қазақстан Халық банкінің (Halyk Bank) № 290499 есеп айырысу бөлімшесі өз жұмысын қайта бастады. Сонымен қатар, қаладағы көптеген банкоматтар іске қосылды.
«Арыс қаласында бір ғана қазақстандық банк жұмыс істейді – ол Halyk Bank. Сондықтан, біз үшін жергілікті бөлімшені шұғыл түрде жұмысын қалпына келтіру өте маңызды болды. Демалыс күндері бөлімшедегі клиенттерге арналған аймаққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарылыс салдарынан сынған терезелер мен есіктер орнатылды, сондай-ақ банктік ақпараттық жүйелер қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта бөлімше операциялардың көптеген түрі бойынша қызмет атқарады. Бүгінгі күні 12 банкоматтың 8 – і қолма – қол ақшамен толықтырылды, қалған банкоматтар дүкендер, дәріханалар мен кеңселерде орналасқандықтан сол мекеменің жөндеу жұмыстарынан кейін іске қосылатын болады. Қазір, клиенттер мемлекеттік көмек алу үшін 20 таңбалы шот ашуға мүдделі, сондықтан бөлімшеде клиенттердің көптеп келуі байқалады», – дейді банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.
Мемлекеттік көмек алушы клиенттерге 20 таңбалы шот ашуға байланысты банктің жергілікті есеп айырысу бөлімшесі күшейтілген тәртіп жұмысына ауыстырылды. Дүйсенбі күннің бірінші жартысының өзінде-ақ бөлімшеде 700-ге жуық адамға қызмет көрсетілді.
2019 жылғы 24 маусымда төтенше жағдай салдарынан Қазақстан Халық банкінің Арыс қаласындағы №290499 есеп айырысу бөлімшесі (Halyk Bank) зақымдалды. Клиенттерді құтқару жұмысынан кейін банк қызметкерлері мен инкассация қызметі клиенттердің қаражатын, сондай-ақ банкоматтардағы қолма-қол ақшаны күзету және эвакуациялау бойынша қажетті шараларды орындады.
Қазақстан Халық банкі зардап шеккендерге арналған арнайы шот ашып, оны екі есе арттыру туралы шешім қабылдады. 1 шілдедегі мәліметтер бойынша, арнайы қайырымдылық шотта 38,025 миллион теңге жинақталған, банктің екі есе арттыратынын ескере отырып, бүгінгі таңда көмектің жалпы сомасы 76 миллион теңгеден асады.
***
«Қазақстан Халық банкі» АҚ Қазақстандағы ең ірі қаржылық топ және клиенттердің кең ауқымды базасы мен кең көлемдегі желісі бар жетекші банк болып табылады. Банк өзінің бөлшек сауда бағытындағы клиенттеріне, шағын және орта бизнес және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің толық спектрін (сақтандыру, лизинг бойынша банктік қызметтер, брокерлік және активтерді басқару қызметтері) ұсынады. Банк сондай-ақ өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
Тел.+7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | / www.halykbank.kz

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.