Бас бет Без рубрики ATU: ЖАҢА БРЕНД – ЖАҢА БЕЛЕС

ATU: ЖАҢА БРЕНД – ЖАҢА БЕЛЕС

16 қаралды
0

Алматы технологиялық университетінде «ALMATY TECHNOLOGICAL UNIVERSITY» жаңа брендімен таныстыру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті.


Конференцияға Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры, профессор Б.Қ. Нұрахметов, «Aida KaumeNOVA» брендінің негізін қалаушы дизайнер Аида Кауменова, «Беккер и К» ЖШС Наубайхана және кондитерлік цех директоры Н.М. Калиева; «Pomodoro» мейрамханаларының негізін салушы Джорджио Палацци қатысты.
– Алматы технологиялық университеті үстіміздегі жылғы тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сараптамасы бойынша – еліміздегі алдыңғы қатарлы техникалық университеттердің үздік бестігіне кіреді, ал білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша рейтингке қатысқан 46 мамандығымыздың 32 жүлделі 1,2,3 орындарға ие болды, оның ішінде 17 мамандығымыз 1 орындарды иеленді. Ал бүгінгі университет ребрендингінің басты мақсаты – білім беру нарығында жаңа әрі есте қаларлық стиль құру, әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастық байланысты дамыту, – деді Б.Қ. Нұрахметов.
Университет проректорының айтуынша, АТУ халықаралық QS агенттігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері университеттерінің рейтингісі бойынша үздік 200 университеттер қатарына биыл бесінші рет кіріп отыр.
Конференция барысында АТУ Түлектер қауымдастығының төрағасы Аида Кауменова шетелде білім алуға бағытталған бағдарламаның арқасында табысқа жеткенін айтты.
– Мен осы университетте оқыған кезде оқу ордасының атауы басқа болатын. Одан кейін Алматы технологиялық университеті болып өзгерді. Ал бүгін халықаралық аренаға лайықталып өзгергеніне қуанып отырмын. АТУ-да алған білімімді Италияда жалғастырдым. Білім базасы осы оқу ордасында қаланды. Университтер арасындағы байланыс арқасында 13 жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатырмын, – деді дизайнер.


Жиын барысында оқу ордасының жаңа логотипі таныстырылды. БАҚ өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктер мен отандық және шетелдік бизнес құрылымдар өкілдеріне университет музейі, ет, нан, сүт өндіретін орталықтар мен қонақ үй, мейрамхана, тамақ және жеңіл өнеркәсіпке арналған ғылыми зертханалар, робототехника сыныптары таныстырылды.
1957 жылы негізі қаланған университет құрылған кезеңнен бастап баға жетпес қызметкерлер мен ғылыми потенциал жинақтады. Қазақстан және шетел экономикасы үшін 60 000-нан аса жоғары білімі бар маман дайындап шығарды.
Университетте тағам және жеңіл өнеркәсіп, мейрамхана мен қонақ үй бизнесіне арналған 3 Технопарк жұмыс істейді. Олар шикізаттан өнімді шығаруға дейінгі толық технологиялық циклды қамтамасыз ететін заманауи өндісітік қондырғылармен жабдықталған.
АТУ өзінің құндылықтары мен дәстүрлерін өзгертпей жаңа биіктерге көтерілуде. Университеттің мақсаты айқын – әлемнің ең үздік университеттері қатартына ену.

АТУ Медиа орталығы

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.