Бас бет Жаңалықтар ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ – ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ – ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

52 қаралды
0

ҚАНАТ ИСЛАМ – ХУЛИО ДЕ ХЕСУС КЕЗДЕСУІН «QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам 5 шілде күні Алматыда доминикалық Хулио де Хесуспен қолғап түйістіреді. Отандасымыздың екі жылдық үзілістен кейінгі кәсіпқой рингке қайта оралған сәтін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
«QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан бокс кешінде Қанат Ислам орта салмақтағы «WBO Inter-Continental» белбеуі үшін Хулио де Хесуспен жұдырықтасады.
Қанаттың қарсыласы 27 кездесудің 26-ында жеңіске жеткен. 24 мәрте қарсыластарын нокаутпен ұтқан.
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін бокс кешінде қазақстандық Мадияр Ашкеев NBA нұсқасындағы чемпиондық атақ үшін эстониялық Павел Семеновичпен айқасқа түседі. Сондай-ақ, Руслан Мырзатаев тәжірибелі британдық спортшы Дэнни Уильямспен күш сынасады. Тағы бір жерлесіміз Абылайхан Құсайынов WBA санатындағы NBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.
Бокс кешін «QAZSPORT» арнасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17:25-тен бастап тікелей эфирде ұсынады. «QAZAQSTAN» арнасы 21:30-да негізгі жекпе-жек – Қанат Ислам мен Хулио де Хесус кездесуі басталған сәттен тікелей қосылымға шығады.

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.