Бас бет Жаңалықтар ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГАНЫҢ ФИНАЛЫ

ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГАНЫҢ ФИНАЛЫ

22 қаралды
0

2018 жылғы 22 қараша, Алматы, — футзал бойынша Ұлттық Студенттік Лиганың (ҰСЛ) 5-ші Мерейтойлы Чемпионаты Алматыда ашылып, 22 қарашадан 29 қарашаға дейін өткізіледі. Қазақстан Халық Банкі және Халық қайырымдылық қоры Ұлттық Студенттік Лиганың (ҰСЛ) бас серіктестері ретінде чемпионаттың өтуіне қолдау көрсетті.

 

ҰСЛ биылғы маусымына 72 ұжым қатысып, ақтық турнирге Футзал бойынша чемпион атағы үшін күш сынайтын 20 мықты команда өтті.

«ҰСЛ чемпионатының университеттер, колледждер мен кәсіби клубтық командалар арасындағы танымладығы жыл санап артуда. Біздің мақсатымыз – жастар арасында салауатты өмір салтын түсіндіріп тарату, Қазақстанның студенттік құрама командасын қалыптастыру үшін талантты спортшыларды айқындау және Ұлттық құрама командаға кіретін резервті ойыншылар тобын құру болып отыр», — деді Ұлттық Студенттік Лига президенті Дамир Шыныбеков.

«Футзал бойынша Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін футбол мерекесі Алматыда жалғасын тапқанына қуаныштымыз. Еліміздің студенттік спорт орталығы дәл осындай болуы тиіс», — деді Алматы денешынықтыру және спортты дамыту басқармасының директоры Рүстем Байсейітов Чемпионатты ашу салтанаты барысында.

Халық банкі Halyk қайырымдылық қорымен бірге төртінші жыл қатарынан мини-футбол бойынша Ұлттық студенттік лиганың (ҰСЛ) бас серіктесі болып отыр. Осынау қолдаудың басты мақсаты – студент жастардың спортпен айналысуына, физикалық және адамгершілік тұрғыда дамуына ыңғайлы жағдай жасау.

«Биыл Чемпионатқа 5 жыл, ал Халық банкіне 95 жыл толды. Өзінің бір ғасырға жуық ұзақ ғұмырына қарамастан, Банк әрдайым талантты әрі еңбекқор жастарға арқа сүйеп келеді. Қазіргі студенттер біздің экономиканың, біздің спорт пен қаржы секторының болашағы екені белгілі», — деген ойымен бөлісті Халық банкі Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

«Біз үшін бұл спорттық шара 6000-нан астам студенттерді қамтитын өте маңызды әлеуметтік жоба. Біздің тараптан жүргізілетін қаржыландыру кәсіби, білікті бапкерлерді тарту, үздіксіз жаттығуларды қамтамасыз ету мүмкіндігімен қатар, жылдың басты спорттық шарасын – футзал бойынша Республикалық чемпионат өткізу мүмкіндігін береді», — деді «Халық» қайырымдылық қорының директоры Лариса Коковинец.

Халық қорының, сонымен қатар Ұлттық студенттік лиганың басқа серіктестерінің қолдауымен 2018 жылдың тамыз айында ТМД аймағында алғаш рет Алматы қаласында Футзал бойынша чемпионат өткізіліп, Қазақстанның құрама командасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Студенттік спорттың Халықаралық Федерациясының сараптамалық бағалауына сәйкес Алматыдағы әлем чемпионаты жоғары деңгейде өткізілді.

Қазақстан құрама командасының Ұлттық студенттік лига ойыншыларынан құрылғаны да айта кетерлік жайт!

Әлеуметтік жауапты компания саясатын ұстанудың нәтижесінде 2018 жылы Халық банкі қазақстандық Vlast интернет-журналыңың «елдің 25 ірі қайырымдылық жасаушылары» рейтингіне еніп, қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалған қаражат көлемі бойынша қазақстандық коммерциялық банктер арасында 1 орынға ие болды.

 

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.