Бас бет Байқау\конкурс JasQZ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

JasQZ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

9 қаралды
0

Батыс Қазақстан облысында JasQZ жобасының жеңімпаздары марапатталды.

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі жүзеге асырған Қазақстан жастарын әлеуметтендіруге бағытталған «Менің таңдауым» байқауын қортындылау бойынша салтанатты шара өтті.

«Менің таңдауым» байқауы 6 бағыттан тұрды. Онда Батыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары мен жоғары оқу орны студенттері алты бағыттың бірін таңдап, өзара бәсекеге түсті.

«Ұлттық құндылық» бағыты бойынша үздіктердің салт-дәстүр бойынша біліктілігі ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен «Жас этнограф» аталымымен БҚО, Ақжайық ауданы, Есенсай мектебінің оқушысы Ғаділжанова Гүлназ және Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Шәріпова Бибінұр марапатталды.

«Әскери-патриоттық» бағыт бойынша үздіктер «Мемлекеттің қорғаныс қабілеті қайтсе бекем болады?» атты тақырыпта эссе жазу арқылы анықталды. Қазылар шешімімен әскери-патриоттық «Жас ұлан» аталымымен Орал қаласының №36 мектебінің оқушысы Махутова Дильназ және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Сансызбаев Райымжан марапатталды.

«Зияткерлік» бағыт бойынша үздіктер математика сабағы бойынша сынақ тапсыру арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен аталымымен Орал қаласының №43 мектебінің оқушысы Жұмасеитов Санжар және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Латифов Санжар марапатталды.

«Шығармашылық» бағыт бойынша үздіктер ұлттық аспаптарда өнер көрсету арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен «Үздік өнерпаз» аталымымен Орал қаласының №46 мектебінің оқушысы Қадырғалиева Мадина және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Джумагалиева Алтын марапатталды.

«Әлеуметтік белсенділік» бағыты бойынша үздіктер қоғамның дамуына тегін еңбек еткенін дәлелдейтін құжаттарын (диплом, алғыс хат, фото-видео айғақтар ж.т.б.) ұсыну арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен «Үздік ерікті» аталымымен БҚО, Ақжайық ауданы, Бітік мектеп балабақшасының оқушысы Сарсенгазиева Гулайназ және Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенті Губашев Арген марапатталды.

«Спорттық» бағыт бойынша үздіктер қашықтыққа жүгіру, кермеге (турник) тартылу жарыстары арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен «Үздік спортшы» аталымымен Орал қаласының №6 мектебінің оқушысы Утепкалиев Нұржан және Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының студенті Бекежан Нұрлыхан марапатталды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Оралова Гүлнар Әлімжанқызы арнайы келіп қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Байқау жеңімпаздарын елімізге белгілі Әміржан Қосанов, Расул Жұмалы сынды қоғам қайраткерлері марапаттады. Сондай-ақ, осы шараның жүзеге асыруға белсенді атсалысқан маман, қызметкерлер де марапаталды.

Жобаның үздік шыққан жүздіктеріне арнайы тіктірілген күрешелер, куәліктер, төсбелгілер таратылды. Сонымен бірге, оларға мәдениеттанушы, этнограф Бердалы Оспанның «Қазақ салттарының інжу-маржандары» атты кітап сыйға тартылды.

20 қарашада Орал қаласындағы «Атамекен» ойын-сауық орталығында қаланың үздік шыққан жастарын салтанатты түрде марапаттап, олардың арасында да арқан тарту, асық ойнау, қол күрестіру тәрізді ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Ұлттық ойын түрлерінен өткен жарыстың жеңімпаздары қолөнершілер жасаған ұлттық бұйымдар сыйға тартылды.

Сонымен қатар, сол күні балалар қала сыртындағы этно-туристік орталықтың біріне барды. Онда олар ата-баба жылқы малы туралы атбегілер әңгімелердің әңгімесін тыңдады, орталыққа экскурция жасады, ең соңында барлығы да бір атқа мініп үйренді. Қала балалары үшін атқа міну өте үлкен қуаныш болды.

Суреттер: Темірболат Тоқмамбетов, Қарабатыр Қаған

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.