Бас бет Жаңалықтар ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПОРТАЛЫ

ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПОРТАЛЫ

13 қаралды
0

Халық банктің Halyk қайырымдылық қоры birgemiz.kz қайырымдылық порталын іске қосты

Алматы, 2018 жылғы 26 қараша — Halyk қайырымдылық қоры «Жомарт сейсенбі» қайырымдылық күніне қарсы Қазақстанда ең алғашқы birgemiz.kz атты краудфандинг интернет-платформасы мен «Бiргемiз» (iOS және Android үшін) мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл платформа қайырымдылық қорларына өзінің әлеуметтік жобаларын іс-жүзіне асыруға қоғамдық қаражатты (краудфандинг) тартуға мүмкіндік береді.

«Halyk қайырымдылық қоры бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды қолдап келеді, алайда біз  барлық салалар мен жобаларды толық қамти алмаймыз. Міне, осы мақсатта біз арнайы «Бiргемiз» краудфандинг интернет-платформасын әзірледік. Оның көмегімен мұқтаж жандар өзіне қажетті қаражатты, меценаттар – қолдауды қажет ететін қызықты жобаларды, өз уақыттары мен күшіне сүйенген  еріктілер – қол ұшын беретін жандарды таба алады. Және ең бастысы адамдар интернет-технологиялардың көмегімен бұған аз уақытын жібереді», — деді өз сөзінде Халық банк Директорлар кеңесінің төрағасы, «Halyk» қайырымдылық қорын құрылтайшылар кеңесінің басшысы Александр Павлов.

Halyk қайырымдылық қоры платформаға басқару жұмыстарын жүргізумен қатар, порталда жобаға жинақталған әр сомаға қосымша 20 пайыз қосып, бірлесіп қаржыландыруға атсалысады. «Жомарт сейсенбіде», 27 қарашада қордың бұл үлесі 40%-ға дейін өседі. Келесі күні, 28 қарашада Halyk қоры осы күні жинақталған сома мен «Halyk» қорынан аударылатын қосымша мөлшері туралы өзінің www.halykfund.com сайтында және «Бiргемiз» платформасында жариялайтын болады.

«Біз жомарттықтың мультипликативтік әсерін құру мақсатында адамдарды белсенді асталысуға шақырамыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, «Бiргемiз»-дің миссиясы да бірлесу арқылы көпті жасау болып табылады. Өйткені, «Жомарт сейсенбіде» бөлінген әр 100 теңгеге қор қосымша өзінің қаражатынан 40 теңге қосатын болады. Halyk қоры өзінің бұл ісмен көмектесіп жатқан жандарға өз ризашылығын білдіреді, әрі әлемдік «Жомарт сейсенбі» қайырымдылық күннің танымалдылығын арттыруға ниетті», — деді Павлов мырза.

Birgemiz.kz краудфандинг платформасы және оның қосымшасы ешқайда  тіркелмей-ақ, екі түрту арқылы, кез келген банктің картасы арқылы, түрлі салалардағы әлеуметтік жобаларға: денсаулықты, жануарларды қорғау және жасы үлкен адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық жобаларға мүмкіндік береді. Қайырымдылық жасаудың ең аз сомасы 500 теңгені құрайды. Қайырымдылық қаражаттың мөлшерін нақты уақытта әр жобаға орналасқан есептеуіші арқылы бақылап тұруға болады.

Платформа порталда арнайы тіркелу тәртібін өткен жұмыс істейтін қайырымдылық жобалармен ғана жұмыс жасайды. Порталға жеке тұлғалар да тіркелсе болады, алайда оларға қаражат тек тіркелген қорлар арқылы жинақталады.

Қазіргі уақытта Birgemiz.kz жобасы пилоттық тәртіпте жұмыс жасайды. Halyk қоры жоба қатысушылары мен еріктілердің көмегі арқылы оны әрдайым жетілдіріп отыруды көздейді. Қазіргі уақытта порталда үш қайырымдылық қорынан 9 жоба орналасқан. Бұл жерде жобалардың іс-жүзіне асуы мен қаражаттың жұмсалуы туралы есептеме жарияланып тұрады.

«ЖомартСейсенбі» – халықаралық қайырымдылық қозғалыс. Негізгі мақсаты – әлемде қайырымдылықты дамытуға күш беру және жақтаушылардың қатарын көбейту. Қарашаның соңғы сейсенбісінде әлемдегі миллиондаған адамдар бірігіп, үлкен қайырымдылық флешмобтың бір бөлігі болуға тырысады. Әлемдік қайырымдылық күн Қазақстанда осымен екінші рет 27 қарашада өтеді. Бұл күн өз көмегін ұсынып, қол ұшын беретіндерді біріктерді деп күтілуде. Бұл қозғалысты Андреа Бочелли, Шерил Сэндберг жұлдыздары, Қазақстанда – Аружан Саин қолдауда. Бастаманың аясында қайырымдылық жасауға, ерікті түрде көмек беруге немесе әлеуметтік желілерде #ЖомартСейсенбі ақпаратымен бөлісуге болады. Әлеуметтік желілерде бұл ақпаратпен бөліскен кезде #ЖомартСейсенбі Қазақстан немесе #GivingTuesdayKazakhstan хэштегтерді қолданған дұрыс.

Байланыс үшін:

«Halyk» қорының директоры

Лариса Коковинец

pr@halykbank.kz

тел: +7 (727) 3322820

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.